Өзбекстан мен ЕТДБ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды

    Инвестициялар 18 Noyabr 2021 1100

    Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков Еуропа тіктелу және даму банкінің (ЕТДБ) делегациясын қабылдады.

    Кездесуге ЕТДБ-ның қаржы институттары бойынша басқарушы директоры Ф.Малиж, Орталық Азия, Моңғолия мен Ресейдегі қаржы институттары тобының директоры Г.Орлов, ЕТДБ-ның гендерлік мәселелері және экономикалық интеграция бойынша директоры Б.Рамбусек және Банктің басқа өкілдері мен сарапшылары да қатысты.

    Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін, Өзбекстанда ЕТДБ тарапынан қаржыландыратын жобаларды жүзеге асыру барысы мен қарым-қатынастарды кеңейтудің болашағы талқыланды.

    Жақын болашақта экономикалық реформалар мен құрылымдық өзгерістер саласында мемлекеттік кәсіпорындар мен банктерді жекешелендіруге, сондай-ақ қаржы секторы мен капитал базарын дамытуға бағытталған ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Өзбек тарапы ЕТДБ тарапынан банк секторы, тау-кен, химия өнеркәсібі және экспорттық әлеуетті арттыру салаларында көрсетілген мәслихат көмегі үшін ризашылық білдірді.

    Қыз-келіншектердің кәсіпкерлігін дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдап-қуаттау бағытындағы ынтымақтастық істерін жандандыруға келісілді.

    Кездесу соңында екі жақ та өзара мүдделі болған ең маңызды мәселелер бойынша жұмыс жүргізді және қарым-қатынастардың қаралған бағыттары аясында алдағы іс жүзіндік ынтымақтастық шаралары белгіленді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates