Өзбекстан балаларының суреттері Токиодағы көрмеде қойылуда

    Мәдениет 31 Yanvar 2023 2749

    Токиодағы Ұлттық өнер сарайында өтіп жатқан «Өнер – шекара асады» атты суреттер көрмесі аясында Өзбекстан балалары картиналарының көрмесі ұйымдастырылды.

    Көрмеге 22 елден жіберілген 490 өнер туындысы қойылған. Өзбекстан бұрышында Көркемөнер академиясы жүйесіндегі мамандандырылған өнер мектептері оқушыларының салған 60-қа жуық картина орын алды. Суреттерде балаларымыз Отанымыздың әсем табиғатын, мәдени мұрасын, ұлттық киімдерін, сондай-ақ еліміздің тарихи және қызықты жерлерін бейнелеген.

    Суреттер көрмесінің ашылу рәсіміне елшілік өкілдері қатысып, ұйымдастырушыларға көп жылдан бері Жапонияның орталық өнер сарайларының бірінде Өзбекстан балаларының суреттерін көрсету арқылы еліміздің мәдениеті мен әдеп-ғұрпын жапон жұртшылығына кеңінен ұсыну мүмкіндігін жаратқаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Көрмені ұйымдастырушы атақты жапондық суретші Тохун Кобаяши Өзбекстан балаларының шығармашылық жаттығуларын бағалады. 26 январьда Токионың орталығында орналасқан Ұлттық өнер сарайында «Өнер – шекара асады» атты сурет көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл үлкен көрмеге Өзбекстаннан ең көп картиналар қойылған, - дейді ол. – Көрме қатысушылары мен қонақтар өзбек балалары ұсынған суреттердің жоғары шеберлікпен салынғанын баса айтуда. Осы суреттер арқылы өзбек халқының бауырмалдылығына, еліңіздің мәдени мұрасының қаншалықты бай екеніне көз жеткізуі мүмкін.

    Бұл шарада өзбектің ұлттық киімдері мен қолөнер бұйымдарының қойылуы келушілер арасында еліңізді тереңірек танып, Өзбекстанға саяхат жасауына септігін тигізеді деп ойлаймын.

    Көрме өз жұмысын 6 февральға дейін жалғастырады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates