2025 жылы ЮНЕСКОС Бас конференциясының 43-сессиясы Самарқант қаласында өткізілуіне дайындық көруде. Осы беделді шараны лайықты өткізу мақсатында көптеген жоғары оқу орындары қатарында Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті алдына Бразилияның беделді ЖОО-мен ынтымақтастық орнату міндеті жүктелген еді.

Осы мақсатта Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің делегациясы Бразилияға іссапармен барды. Ағымдағы жылдың 27 ноябрь күндері ӨзМӘТУ делегациясы Бразилияның әлемдік рейтингінде жоғары орын алатын Сао-Пауло университетіне барды.

ӨзМӘТУ ректоры Ильхомжон Тухтасинов басшылығындағы делегацияны Сао Пауло университеті Халықаралық ынтымақтастық бойынша директорының орынбасары, Проф, Др, Ларисса Дриэмеиэр қарсы алды.

Сапар аясында екі университет өкілдері арасында кездесу ұйымдастырылды. Әңгімелесу барысында түрлі ұйымдастырушылық мәселелер, соның ішінде Өзбекстанда өтуі жоспарланған ЮНЕСКО-ның 43-сессиясына қатысушылар жөнінде өзара пікір алмасылды. Өзбекстанның бастамалары туралы да ақпарат берілді.

Сапар аясында мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылды. Шара басында ӨзМӘТУ ректоры, профессор И.Туқтасинов сөз сөйлеп, екі университет арасындағы берік байланыстарға тоқталды. Ол Өзбекстанның білім беру жүйесіндегі реформалар мен шет тілдерін оқытуға да тоқталды.

Шара барысында ӨзМӘТУ туралы бейнеролик көрсетіліп, делегация мүшелері Өзбекстанның ұлы тұлғалары туралы мағлұмат берілді. Шарада Өзбекстанның мәдениеті мен салт-дәстүріне қатысты көрме материалдарының көрсетілімдері, Өзбекстан туы, ұлттық киімдер, сузана, қолөнер бұйымдарының үлгілері қойылды.

Қатысушыларға патир, тәттілер, кептірілген жемістер ұсынылды.

Ұлттық тағамымыз палау әзірленіп, қатысушыларға тартылды.

Мәлімет ретінде: QS World rankingте 92-орынды иелеген Сао Пауло университеті 1934 жылы 25 январда құрылған. Қазіргі уақытта Сан-Паулу университетінде 100 мыңнан астам студент білім алуда, онда көптеген Нобель кадидаттары, ұлттық Конгрестің мүшелері, негізін қалаушылары мен атақты Бразилия компанияларының басшылары, қоғамда маңызды орын иелеген тұлғалар білім алған.

Сондай-ақ, Сао Паулу университеті Бразилиядағы ең ірі зерттеу мекемелердің бірі болып табылады. Жоғары сапалы конференциялар мен журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың 25 пайыздан астамы осы университеттің зерттеушілеріне тиесілі.