Өзбекстан делегациясы БҰҰ-ның Әйел-қыздар жағдайы бойынша комиссиясының 67-сессиясына қатысуда

    Бүгінде БҰҰ-ның Әйел-қыздар жағдайы бойынша комиссиясының 67-сессиясы өтуде.

    Оған әлемнің барлық аймақтарынан мүше мемлекеттер, БҰҰ құрылымдары мен ECOSOS тарапынан аккредитациядан өткен беймемлекет бейкоммерциялық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

    Әйелдер мәртебесі бойынша комиссияның бұл реттегі сессиясының негізгі тақырыбы цифрлық технологиялар мен әйелдер құқықтарына арналды. Сессияға қатысқан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Қарапайым нәрсе: адамзат шығармашылық идеяларсыз ғылыми және технологиялық саласындағы өз әлеуетінің тек жартысын ғана жүзеге асыра алады», - деп айтты.

    Осы шарада Өзбекстан делегациясы тарапынан мемлекетте жүзеге асырылған гендер теңдік саясаты, білім және ғылым саласында әйелдерге берілген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер, қыз-келіншектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудегі инновациялық жанасу, әйелдер кәсіпкерлігі және бизнес бағыттардағы мүмкіндіктерді кеңейтуде жүзеге асырылған істер бойынша Өзбекстанның тәжірибесі ұсынылды.

    Сонымен қатар еліміздің делегация мүшелері сессияның бірқатар шубаларына қатысты.

    Сондай-ақ, Өзбекстан делегациясы БҰҰ-ның Тұрғындарды үйрену қорының (ЮНФПА) Гендер және адам құқықтары бөлімінің басшысы Нафиссатоу Диоппен, бөлім кеңесшісі Лейла Шарафимен кездесті.

    Сұхбат кезінде ЮНФПА өкілдері Өзбекстандағы гендерлік теңдік саласында жүргізілген реформалардың ауқымын, жүргізілген гендерлік саясаттың тиімді нәтижелерін және қабылданған заңдарды тұрақты бақылап бару айтылды.

    Диалог барысында зорлық-зомбылық жасаған адамдармен жұмыс істеу бойынша стандартты операциялық іс тәртіптерін (SОТ) енгізуде ынтымақтастықтағы істерді жалғастыру, БАҚ өкілдері үшін гендерлік сезімталдық бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру, гендерлік статистикасын нәтижелі жүргізу, зорлық-зомбылықты басынан өткізген мүгедектігі бар әйелдер үшін тренингтер өткізу тиімділігін жақсарту мәселелері талқыланды, бұл туралы ынтымақтастықпен жұмыс жүргізуге келісілді.

    Сонымен қатар, делегация өкілдері «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының атқарушы директорының орынбасары Анита Бхатиямен кездесті. Сұхбаттасу барысында А.Бхатия Өзбекстанда гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады.

    БҰҰ өкілі 2030 жылға дейін Өзбекстан Республикасында гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясын және 2022–2026 жылдарда әйел-қыздардың мемлекеттік экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінің барлық салаларында белсенділігін арттыру жөніндегі ұлттық бағдарламаны жүзеге асыруға Ұйымның техникалық және қаржылық көмегін жұмылдыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

    Атап айтқанда, әйелдерді кәсіпкерлік қызметке кеңінен жұмылдыруда инновациялық және цифрлық технологиялар бағдарламаларын іске қосу бойынша ынтымақтастыққа қатысты нақты жобалар әзірленеді және жүзеге асырылатын болады.

    Сондай-ақ өкілдеріміз БҰҰ шаралары аясында Венгрияның мәдениет және инновациялар министрлігі мемлекеттік хатшысының орынбасары Аттила Бенедамен де кездесу өткізді.

    Келіссөздер аясында екі ел арасында стартап жобалар байқауын өткізу тәжірибесін дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отбасылық кәсіпкерлікті дамытуда Венгрия тәжірибесі туралы да айтылды.

    БҰҰ-ның 67-сессиясы аясында шетелдік делегациялармен екіжақты кездесулер өткізіліп, бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

    Атап айтқанда, Өзбекстан делегациясының Қырғызстанның жоғары білім министрінің орынбасарымен кездесуде жоғары білім және инновациялық қызмет саласындағы ынтымақтастықтың іс жүзіндік механизмдері талқыланып, үстіміздегі жылы Қырғызстанның студент қыздарға қатысты стартап және инновациялық жобалары үшін арнайы жобаны ұйымдастыруға келісілді.

    Қырғызстан депутаты Д.Ашимова Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың нәтижесін арнайы бақылайтынын атап өтті. Әсіресе, Өзбекстан Республикасы Президенті Ш.Мирзияевтың Өзбекстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде жүзеге асырылған істерді және әйел-қыздарға білім саласында көңіл бөлініп жатқанына куә болғанын айтып, осы бағыттағы барлық бастамаларды жоғары бағалады, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates