БҰҰ қамқорлығымен өткен халықаралық конференцияда осы ұйымның Бас хатшысы А.Гутерриш, Пәкістан Премьер-министрі Ш.Шариф, БАӘ Қоршаған ортаны қорғау министрі М.Мхеири, Қатар сыртқы істер бойынша Мемлекеттік министрі Сұлтан бин Саад Ал-Мурейхи, Швейцария Федералды сыртқы істер департаментінің басшысы И. Кассис, сондай-ақ Грекия, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония делегацияларының, халықаралық және аймақтық қаржы-банк институттары мен беймемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Гибридтік формада өткен шараның ашылуында Еуропа комиссиясының презденті У.фон дер Ляен, Франция президенті Э.Макрон, Түркия президенті Р.Эрдоған, Норвегия премьер-министрі Ж.Стере сөз сөйледі.
Өзбекстан делегациясының басшысы Б.Саидов өз сөзінде табиғи апаттардан жәбір көрген тұрғындарды қолдап-қуаттау, зардап шеккен инфрақұрылымды және ауыл шаруашылығын тіктеу мәселесіне әлем қауымдастығының үсем міндеттері ретінде назар аударды.
Форум қатысушыларына республикамызда жүзеге асырылып жатқан экологиялық бағдарламалар, атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың «Жасыл кеңістік» кең ауқымды бастамасы туралы ақпарат ұсынылды. Арал теңізінің құрғау мәселесіне де айрықша тоқталды. Елімізде экологиялық апаттың зардаптарын жою, Аралбойы өңірін экологиялық инновациялар мен технологиялар өңіріне айналдыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, Өзбекстан СІМ басшысы іссапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбоз Шариф, осы елдің Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто-Зардоримен, Қатар сыртқы істер бойынша мемлекеттік министрі Сұлтан бин Саад Ал-Мурейхи, Біріккен Араб Әмірліктері қоршаған ортаны қорғау министрі Марям Мхеиримен, Ислам даму банкінің президенті Мухаммад Сулаймон ал-Жассирмен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің вице-президенті Константин Лимитовскиймен екіжақты кездесулер өткізілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.