Өзбекстан делегациясы ТМД Сыртқы істер министрлері Кеңесінің кезекті жиналысына қатысты

    2022 жылғы 13 майда Душанбе қаласында Сыртқы істер министрінің уақытша міндетін атқарушы Владимир Норов басшылығындағы Өзбекстан Республикасының делегациясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері Кеңесінің кезекті жиналысына қатысты.

    Қазақстан Республикасының төрағалығымен өткен шараға Армения, Беларусь, Молдова, Әзербайжан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстан сыртқы істер министрліктерінің, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің делегациялары қатысты.

    Жиналыс қатысушылары халықаралық күн тәртібі мен Достастық аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ТМД мемлекеттер және Үкімет басшылары Кеңесіне енгізілетін көпжақты құжаттар жобаларын қарады.

    ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрліктері арасындағы серікестікті жандандыру бойынша Әрекеттер бағдарламасы мен Сыртқы істер министрлікаралық кеңесулер жоспарының 2021 жылдағы атқару нәтижелері бекітілді.

    Беларусь нотариалдық палатасына - нотариал қызмет саласында, Самарқанттағы «Ипак йўли» халықаралық туризм университетіне — туризм саласында ТМД-ның тірек ұйымдары мәртебесін беру туралы қаулы қабылданды.

    Жиналыс барысында Өзбекстан делегациясы әлемде болып жатқан оқиғалар мен халықаралық қатынастардағы өзгерістердің жеделдігі Достастықты заманалық жағдайға тұрақты бейімделуін қажет ететінін атап өтті.

    Өзбекстанның 2020 жылы Достастыққа төрағалығы кезінде қабылданған Достастықты одан әрі дамыту Концепциясы мен ТМД-ның Экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша бірге іс-әрекеттерді жалғастыру ұсынылды.

    Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев тарапынан Достастық саммиттерінде алға қойылған ТМД шеңберіндегі өзара ынтымақтастық әлеуетін нығайту, сауда-экономикалық үдерістерді ырықтандыру, білім, ғылым, технология, денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы байланыстарды кеңейту, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ дәстүрлі және жаңа шақырулар, сондай-ақ қауіп-қатерлерге қарсы тұруға қаратылған бастамаларды жүзеге асыруға да айрықша назар аударылды.

    Осы бағыттағы нақты қадамдарды кеңінен талқылау мақсатында ТМД серіктестері биыл Өзбекстанда өткізілетін өндірістік кооперациясы және аумақаралық ынтымақтастық, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым форумдары, сондай-ақ Ауғанстан бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияға шақырылды.

    Жиналыс соңында ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі жиналысын 2022 жылғы 13 октябрьде Нұр-Сұлтан қаласында өткізу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.