Өзбекстан делегациясы Өзбекстан мен Әзербайжан кәсіпкер әйелдердің бизнес-форумына қатысты

    Бұрын хабарланғандай, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Т.Нарбаева басшылығындағы парламент делегациясы ресми сапармен Әзербайжан Республикасында жүр.

    2022 жылғы 29 июньде сапар аясында Өзбекстан мен Әзербайжан кәсіпкер әйелдердің бірінші бизнес-форумы өтті.

    Форумға еліміздің экономикасының барлық дерлік салаларын, атап айтқанда, өнеркәсіп, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, қолөнер сияқты салаларды қамтитын Өзбекстанның кәсіпкер әйелдер делегациясы қатысты.

    Шарада сөз сөйлеген екі елдің іскер әйелдері екі елдің түрлі салаларындағы кәсіпкерлікті дамыту және олардың әлеуетін жетілдіруде тәжірибе алмасу мен көкейтесті мәселелерді талқылау үшін қолайлы алаңға айналған бұл форумның маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.

    Шара соңында Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері бойынша комиссия жанындағы Кәсіпкер әйелдер клубы сондай-ақ Әзербайжанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бірлестігі арасында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

    Екі елдің кәсіпкер әйелдері арасында «В2В» форматында өткен кездесулердің нәтижесінде 54 миллион доллардан астам 19 келісімшарт пен меморандумға қол қойылды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates