Сонымен қатар, делегация басшысының Жапония  «Japan international training Cooperation Organzatinon» (JITCO) вице-президенті Шигео Матсумоти,  Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әл-ауқат министрі Катсунобу Като,  Жапония Сыртқы істер министрінің парламенттегі орынбасары Юми Ясикава , Білім министрлігінің вице-президенті Юми Ясикава мен Либералды-демократиялық партияның вице-президенті Таро Асо және Қаржы министрі Шуничи Сузукимен келіссөздер ұйымдастырылды.

Кездесулерде тиісті салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болашақтары, біріккен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен бірге Өзбекстан делегациясының мүшелері: Жапония шағын және орта кәсіпорындары ұйымдары мен Инновацияларды қолдап-қуаттаудың аймақтық ұйымының (SME Support Japan) төрағасы Аитсуси Тойнаға, Ямагата университеті Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Жапониядағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі  - «Shimizu Corporation»  өкілдерімен өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Сондай-ақ біздің ел өкілдері Жапонияның ең ірі «JA Group» кооперативтік бірлестігінің Обу қаласындағы орталығымен және «Дихан базарының» қызметімен танысты.

Кездесу мен келіссөздер қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу, делегация алмасуды жолға қою және ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселделерін әзірлеу бойынша келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Дунё» AA.

Ақпарат үшін: Жапонияда сапармен жүрген Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Қочқаров басшылығындағы еліміз делегациясы  “Toyota Motor Corporation” компаниясының Шығыс Азия, Океания және Таяу Шығыс аймағы бойынша бас атқарушы директоры Акитоши Такемурамен кездесті.

Осы кездесуде компанияның бас атқарушы директоры Акитоши Такемура жақын арада еліміздің көлік базарына «Toyota»  автомобилдерінің  жаңа үлгісі шығарылатынын хабарлады.