Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 25 июлінде делегация Португалияның Алканена қаласында өткен Exposcao Tecnológica көрмесіне қатысты.
Шара ұйымдастырушылары – Былғары өнеркәсібінің технологиялық орталығы және Португалия былғары өнеркәсібі бірлестігінің басшылығымен өткен кездесуде сауданы дамыту, жеке секторды қолдап-қуаттау және Өзбекстан экспорттайтын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, делегация Португалияның CTIC, Aquitex, CEPSA, Alidata, Mapril ION Exchange, VentilAQUA, Desotec және José maria & filhos сияқты компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Былғары кәсiпорындарында пайдаланылатын суды тазарту мен утилизация жасау бойынша жаңа өндiрiстiк технологиялары мен үдерістерiн енгiзу жөнiндегi Португалия компанияларының тәжiрибесiн Өзбекстанда пайдалану мүмкiндiктерi қарастырылды. Шетел тарапынан Өзбекстанда өндірілген өнімді Еуропа нарығында сатуға мүдделі екенін білдірді.
27-28 июль күндері Италияда Confidustria Toscana Sud, Vittoria Makina, Pratica, Alpe S.P.A және басқа да бірқатар компаниялардың өкілдерімен кездесулер өтті.
Келіссөздер барысында Өзбекстанның өндірістік әлеуеті таныстырылды, сондай-ақ, өндірістік кооперацияны кеңейту, сонымен қатар тек былғары өнеркәсібінде ғана емес, басқа да салаларда Италия брендтермен бірлесіп өнім шығаруды бастау мүмкіндіктері қаралды. Италия кәсіпорындармен бірлесе отырып, Өзбекстан кәсіпорындарында былғары қалдықтарын терең қайта өңдеу технологияларын енгізуге ерекше назар аударылды.
Сапар нәтижесінде Италияның Прато қаласында Peng Sheng Charm компаниясымен бірлесіп сауда үйін ашу туралы келісімге қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта Өзбекстан делегациясы Испаниядағы миссиясын жалғастыруда, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.