Варшавадағы дипломатиялық корпус пен Польша іскер топтарының өкілдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында өткізілген бұл шараға шет елдердің елшілері мен Польша бизнесінің өкілдері қатысты.
Онда Польшаның министрліктері мен кеңселерінің басшылары сондай-ақ іскерлер елдегі бизнесті жүргізудің мүмкіндіктері мен болашағы туралы тұсаукесерлер өткізді.
Шара аясында Өзбекстан дипломаттары Польшаның даму және технологиялар министрі Вальдемар Будамен кездесу өткізді. Диалог барысында Өзбекстан Польшаның Орталық Азия аймағындағы ең маңызды болашағы мен ұзақ мерзімді серіктесі екені атап өтілді. Польша тарапы сауда-экономикалық саладағы өзара мүдделі серіктестікті одан әрі кеңейтуге, атап айтқанда, елімізге инвестиция мен жаңа технологияларды тартуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Дуне»АА.
- Қазіргі таңда екі мемлекет үшін көлік, энергетика және АКТ бағытындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру маңызды ерекшелікке ие, - деді Вальдемар Буда. — Сонымен қатар Польша мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға көмектесетін келісімдерді әзірлеу ынталандырылады.
Сонымен қатар, еліміздің өкілдері «LOT Polish Airlines» әуе компаниясының вице-президенті Михал Фийолмен де сұхбаттасты. Михал Фийол сұхбат кезінде Варшава-Ташкент-Варшава бағыты бойынша чартерлік рейстері үстімідегі жылдың 10 марттан ашылатынына назар аударды. Оның айтуынша, бұл мәселенің оң шешімін табуында елшілік пен Өзбекстанның транспорт министрлігімен жүргізілген келіссөздердің үлкен рөл атқарғанын айтты.
– Польша мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасты тереңдету және өзара туристер санын арттыру мақсатында Варшава мен Ташкент арасында тұрақты әуе қатынауын жолға қоюды жоспарлап отырмыз, – деді ол. — Компания Польшаның азаматтық авиациясы әкімшілігінен барлық қажетті рұқсаттарды алған.