Өзбекстан форумда жалпы құны 3 миллиард доллар болатын инвестициялық жобаларды ұсынуда — Азиз Абдухакимов

    Ел назарында 17 Oktabr 2023 632

    Самарқантта жалғасып жатқан БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының 25- сессиясы аясында жаһандық инвестициялық форумы өтіп жатыр.

    Жиында сөз алған Өзбекстан Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимовтың айтуынша, елімізде кәсіпкерлер мен инвесторларды ынталандыру мақсатында бірқатар жеңілдіктер мен оңтайландырылған тәртіп жасалған.

    Атап айтқанда, ҚҚС мөлшерлемесі 20%-дан 12%-ға төмендетілді, экспорт үшін ҚҚС 7 күн ішінде өтеледі. Енді инвесторлар талап ететін 7 мыңнан астам шикізат пен тауарлар кедендік баж салығынан босатылып, кедендік тәртіп-қағидалары жеңілдетілді.

    Үкімет кәсіпкерлік қызметке қатысты 500 нормативтік құжаттарды жойды, тағы 70 мемлекеттік функцияларды мемлекеттік-жекешелік серіктестік (МЖС) арқылы жеке секторға берілді.

    Бұл форумға 140-тан астам шет елден келген делегаттар, шетелдік инвесторлар, сондай-ақ 600-ге жуық жергілікті компания белсенді қатысуда.

    Бұл форумда жалпы құны 3 миллиард долларды құрайтын инвестициялық жобалар ұсынылған. Шараға қатысушылар осы форумда инвестициялық мүмкіндіктермен танысып, салаға инвестиция сала алады. Соның 170 лот ашық аукцион саудасына қойылады.

    Форум нәтижелі әрі іс жүзіндік келісімдерге бай болып өтуде.

    Бахор Хидирова,

    Янги Ўзбекистон” тілшісі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates