Ақпарат үшін: ALP – Ұлыбританияның маусымдық жұмыстары, азық-түлік, өндіріс және логистика саласындағы жұмысшыларды ұсынатын және мүдделерін қорғайтын ұйым. Бұл ұйымға 300-ден астам ірі компания мүше.

Келіссөздерде Ұлыбритания Еңбек провайдерлері қауымдастығының (ALP) директоры David Camp мырза:

 «Біз Өзбекстанның Миграция агенттігімен өзбек жастарын Англияның кәсіпорындарынажұмысқа орналастырудағы ынтымақтастығымызды жаңа басқышқа алып шығуға дайынбыз», - деді.

Кездесуде Ұлыбританияның маусымдық жұмысшылары бағдарламасы бойынша Өзбекстан азаматтары үшін квоталарды арттыру, жаңа маусымдық операторлармен келісім-шарттар жасау, және отандастарымызды қауіпсіз ұйымдасқан түрде жұмысқа алу туралы келісімге қол жеткізілді.