2022 жылдың 10 октбрінде Нью-Йорк қаласында Өзбекстан Республикасы мен Гаяна Кооперативті Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Біріккен коммюникеге қол қойылды.

Екі ел үкіметтері атынан құжатқа Өзбекстанның БҰҰ-ның тұрақты өкілі  Бахтиёр Ибрагимов пен Гаяна Кооперативтік Республикасының БҰҰ -дағы тұрақты өкілі Каролайн Родригес Биркет қол қойды.

Тараптар халықаралық ұйымдар, сондай-ақ,  БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелері асында біріккен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендіктерін растады. Ынтымақтастықтың өзара мүдделі бағыттарын іздеу үшін екіжақты байланысты жалғастыру бойынша келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Құжатқа қол қою Өзбекстан мен Оңтүстік Америка елдерімен өзара ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.