баннер
21 Mar 2025
23:11

    Өзбекстан Президенті АҚШ делегациясын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 17 наурыз күні Америка Құрама Штаттары Конгресінің мүшесі, Өзбекстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік кокустың қатысушысы Кэрол Миллер бастаған делегацияны қабылдады.

    Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік пен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және кеңейту мәселелері талқыланды.

    Кездесу басында парламент мүшесі Өзбекстан басшысына АҚШ Президенті, Конгресс жетекшілігі және Өзбекстан бойынша кoкус мүшелерінің сәлемдері мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейге жеткені айрықша атап өтілді. Белсенді саяси диалогтар мен ведомствоаралық байланыстар жалғасуда. Соңғы жылдары тауар айналымы мен инвестициялар көлемі бірнеше есеге артты, бизнес кооперациясы нығая түсті.

    Ташкент қаласында Вебстер университеті мен Америкалық технология университеті табысты жұмыс істеуде.

    Сонымен қатар, көлік, кеден, миграция, мәдениет және басқа да басым бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

    Кэрол Миллер Жаңа Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар стратегиясын, оның ішінде экономиканы жаңғырту, демократиялық институттарды, әсіресе парламентті нығайту және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерін жоғары бағалады.

    Экономикалық және инвестициялық жобаларды, соның ішінде тау-кен, өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бастамаларды қолдау және ілгерілету мақсатында парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, Өзбекстан өңірлерінің АҚШ-тың әртүрлі штаттарымен әріптестік байланыстар орнатуының маңыздылығы атап өтілді.

    Кездесу барысында аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен Ауғанстандағы жағдайға қатысты да пікір алмасылды.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech