Өзбекстанның балалары суреттерінің көрмесін еліміздің елшілігі Халықаралық Сумие қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл көрмеге 35 елден жиналған 500-ден астам өнер туындысы қойылған. Өзбекстан бұрышы Мектепке дейінгі және мектеп білім министрлігі қасындағы Мамандандырылған білім беру мекемелері агенттігі жүйесіндегі білім беру мекемелерінің оқушылары салған 30 суретпен безендірілді. Суреттер еліміздің табиғатының сұлулығын, мәдени мұрасын, ұлттық киімдерін, сондай-ақ еліміздің тарихын көрсетеді.
Көрменің ашылу салтанатына Өзбекстанның дипломаттары қатысып, ұйымдастырушыларға көп жылдардан бері Жапонияның орталық өнер сарайларының біріндеөзбек балалары салған суреттер арқылы еліміз мәдениеті мен әдеп-ғұрыпын жапония жұртшылығына кең көрсету мүмкіндігін туғызғанына алғыс білдірді.
Сондай-ақ халықаралық көрмелерге қатысу Өзбекстан жастарын жігерлендіретіні және олардың неғұрлым тиімді шығармашылығына кең мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.
Көрменің ұйымдастырушысы, Халықаралық Сумие қоғамының төрағасы, белгілі жапон суретшісі Тохун Кобаяши Өзбекстан оқушыларының шығармашылық жаттығуларын бағалады.
«23 январьда Токионың орталығында орналасқан әйгілі Ұлттық өнер сарайында «Өнер – шекара асып» атты 22- көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл үлкен көрменің «Балалар суреттері» бөлігінде тұрақты түрде Өзбекстан мектеп оқушыларының суреттері қойылуда, деп хабарлайды «Дунё» АА.