Өзбекстан-Корея көпжақты ынтымақтастықты дамыту болашағын талқылады

    Үстіміздегі жылғы 24 ноябрінде Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Енг Сам Чэмен Өзбекстан және Корея арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық-техникалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту іс-шараларын талқылауға арналған кездесу өтті.

    Кездесу барысында тараптар өзара тауар айырбастау көрсеткіштерін пропорционалды түрде ұлғайтып, оны алдағы жылдары 5 миллиард долларға жеткізу шараларын талқылады. Осы мақсатта екі ел арасындағы Еркін сауда туралы келісімге қол қою бойынша өзара ынтымақтастықты жеделдету, сондай-ақ Өзбекстанның азық-түлік өнімдерін Корея базарына жеткізіп беру үшін рұқсат алу мәселелері келісілді.

    Кездесуде Өзбекстанда энергетика, жеңіл өнеркәсіп, машинажасау, геология, қала құрылысы және тағы басқа да салаларда жалпы құны 14 миллиард доллар болатын біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан Корея компанияларының табысты қызметі ерекше атап өтілді. Корея тарапы өзекті мәселелерді шешу және біріккен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету мақсатында өзара ынтымақтастықтың жаңа механизімі— әр айда Корея компанияларының қатысуында Өзбекстан-Корея коммерциялық мәселелеріне қатысты диалогты өткізу бастамасын құптады.

    Корея үкіметінің Өркендеу мақсаттарына ресми көмек көрсету бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемелері кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы, Химиялық технологиялар орталығы, сонымен қатар Өзбекстан-Корея сирек кездесетін металдар ғылыми-технологиялық ортағылы және Корея-Өзбек тоқымашылық технопаркі қызметін кеңейту жобалары жан-жақты қаралды.

    Кездесуде Корея Эксимбанктің EDCF Қорымен білім, денсаулық сақтау, фармацевтикалық, электроникалық салаларындағы ірі жобаларды дер кезінде жүзеге асыру мәселесі де талқыланды. Құжаттарды бекіту үдерісін жеделдету және Ташкентте Медициналық университеті, Фармацевтикалық кластердің 2-басқышы, сондай-ақ өзбек-кореи электроника және жартылай өткізгіш өндірісі кластерінің құрылысын бастау туралы келісімге қол жеткізілді.

    Келіссөздер соңында үкімет делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру, біріккен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету, сондай-ақ жаңа келісімдер мен бастамаларды әзірлеуге жан-жақты көмек көрсететінін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.