«Чортоқ» минералды суын жеткізу бойынша Қытай компаниясымен 100 мың долларлық  келісім-шарт жасалды.

Минералды судың алғашқы жөнелтілімі Ташкенттен Пекинге ұшатын рейстермен жүзеге асырылған.

Еліміздің  Пекиндегі Елшілігі Өзбекстанның тиісті мекемелерімен бірлесіп Қытайдың ірі қалаларында өткізілетін жарнамалық-көрме іс-шаралары аясындағы іс әрекеттердің нәтижесінде Өзбекстанда қадақталған минералды судың Қытай нарығына шығуына рұқсат етілді.

Қытайлықтар «Чортоқ» емдік қасиеті бар су екенін, оның ас қорыту жүйесі, бауыр, өт жолдары, ұйқы безі, қант диабеті ауруларын емдеуде қолданылатынын жақсы біледі.

 2022 жылы Қытайға минералды су экспортының көлемін ұлғайтып, оны тұрақты қарқынмен жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды «Дуне» AA.

Қытайда азық-түлік пен сусындарды тұтыну бойынша бүгінде 1 триллион доллардан асады. Мемлекет азық-түлік бөлшек сауда нарығының көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Euromonitor болжамдарына орай , Қытайдағы тұтынушы  алдағы жылдары өсе береді, ал 2024 жылға қарай бұл көлем  1,8 триллион доллардан асады.