Бұл туралы Өзбекстан технологиялық металдар комбинатының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл қандай технология?
Бұрындары молибден өнімдерін аммиакты сумен және қышқылдармен жуу арқылы өндіріс орындарында аммиак булары ауаға таралатын. Бұл экологиялық қауіпті туғызды. Жаңа технологияның нәтижесінде зауыт мамандары жаңа үш басқышты сода ерітіндісі негізінде істейтін технологияны енгізді. Енді молибден шикізаты сода ерітіндісімен сілтіленеді және барлық үдерістер жабық жүйеде жүзеге асырылады.
Бұл қандай артықшылықтарды береді?
1. Аммиак суын тұтыну 4,4 есеге азайды. Алдыңғы әдіспен салыстырғанда жаңа технология аммиак суының тұтынуын айтарлықтай азайтты. Бұл ресурстарды ұтымды пайдалануға және шығындарды азайтуға қызмет етеді.
2. Жабық технологиялық циклға байланысты амиак буларының ауаға таралуы толығымен жойылды. Бұл қазіргі таңда экологиялық қауіптердің алдын алудағы үлкен жетістік.
3. Қалдықтардың мөлшері күрт азайды. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 0,9 тоннаны құраған болса, әйтсе де рұқсат етілген норма 3,9 тонна еді. Бұл шығарындылардың төрт есе азайғанын білдіреді.
4. Барлық үдерістер қауіпсіз және экологиялық таза ортада өтеді. Жабық технологиялық үдеріс тек қалдықтарды азайтып қана қоймай, өндірістік ортаны адам денсаулығына қауіпсіз етеді.
5. Ауаны тазалау жүйесі 95 пайыз нәтижелілікке ие. Гидрометаллургиялық цехы бірыңғай аспирация жүйесі арқылы уланып, бұл жүйе ауадағы зиянды зарттарды 95 пайыз тиімділікпен тазалайды.
Осы технологияны енгізу арқылы ТМК өндіріс тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар экологиялық тұрақтылық пен ресурстарды үнемдеу салаларында озық шешімдерді енгізді. Бұл тәжірибе тек республикалық деңгейде ғана емес, өңірлік деңгейде де маңызды үлгі болып табылады.
