«Мягкое золото России»  елтірі базарындағы маңызды оқиға мен өнеркәсіптің іскерлік өмірі шоғырланған негізгі бизнес платформасы. Көрме-тұсаукесерге әр жылы Ресей мен шетелден елтірі киім-кешек өндірушілер, дизайнерлер, ірі мультибрендтік дүкендердің өкілдері, сән индустриясының мамандары, жас дизайнерлер өз жобаларын ұсыну үшін жиналуда.

Биылғы жылы көрме «Жеңіл өнеркәсіп: жаңа міндеттер – жаңа мүмкіндіктер», «Ресей халықының қол өнері проблемалары: шешу жолдары», «Іскерлік туризм: жаңа драйверлер», «Шығармашылық өнеркәсіп үшін кадрлар» сынды тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ, «Жеңіл өнеркәсіп: Өнеркәсіп дамуының драйверлері» тақырыбында жалпы мәжіліс, «Жеңіл өнеркәсіп бағытындағы халықаралық ынтымақтастық: жергілікті өнімді ішкі және сыртқы базарда ілгерілету мүмкіндіктері мен стратегиялары» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

Көрме аясында, B2B бизнес-диалогтар мен елтірі өнеркәсібін дамытуға арналған конференция өтті. Онда Өзбекстанның өндірістік әлеуеті көрсетілді. Қаракөл мен қымбат бағалы елтірі бұйымдарын қалпына келтіру бойынша іс жүзіне асырылып жатқан істер мен шаруашылықты дамыту туралы мәліметтер берілді.

 «Узчармсаноат» бірлестігінің өкілдері « Semifur», « Namia», «Sofia», «Furnova», «Manakas», «Bel Koop Mex», «Skiftex», «Ekostil»  және тағы басқа да елтірі өнеркәсіптерімен ынтымақтастық орнату және жетекші компанияларды елімізге тарту бойынша келіссөздер жүргізді. Бұл компаниялар биыл күзде Өзбекстанда өтетін «UzCharmExpo-2023» халықаралық көрмесіне қатысатындарын растады, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.