Өзбекстан парламентінің делегациясы Қосылмау қозғалысының парламенттік желісінің үшінші конференциясына қатысты

    Жасыл планета 27 Mart 2024 1156

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы басшылығындағы Өзбекстан парламентінің делегациясы Женева қаласында өткен Қосылмау қозғалысы парламенттік желісінің «Климаттың өзгеруіне қарсы күресте парламенттік белсенділікті күшейту» тақырыбындағы үшінші конференцияға қатысты.

    Ұйымға қатысушы парламенттер мен халықаралық құрылымдардан 53 делегация қатысқан конференция барысында климаттың өзгеруіне қарсы күресте парламенттердің рөлін күшейтуге бағытталған бірқатар стратегиялар мен жанасулар талқыланды.

    Климаттың өзгеруі – ұжымдық әрекетті қажет ететін қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің бірі екені, бүгінгі таңда қабылданған шешімдер болашақ ұрпаққа ұзақ мерзімді әсер ететіні айтылды.

    Жылыжай газдары шығарындыларын азайтуға, халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға, тұрақты экологиялық саясат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған үлгілік заңдарды әзірлеу бойынша парламенттердің іс-әрекеттерін бірлестіру қажет екеніне назар аударылды.

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы өз сөзінде әлем елдері парламенттері, ең алдымен, адам факторының планетамызға тигізетін кері әсерін барынша азайту үшін шұғыл шараларды қабылдау жауапкершілігін өз міндетіне алу керектігін айтты.

    Сондай-ақ, экологиялық проблемаларды шешуде парламенттерден талап етілетін қажетті жағдайлар да саналды. Олардың қатарында экология және климаттың өзгеруі саласындағы заң құжаттарын үйлестіру бойынша елдер парламенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жаһандық орташа температураның өсуін Сельций бойынша 2 дәрежеден төмен дәрежеде ұстап тұруға қол жеткізу және Париж келісімін жүзеге асыруды қолдап-қуаттау осылар қатарында.

    Бұл ретте, Сенат Төрайымы қатысушылардың назарын «жасыл» технологияларға және тиісті инфрақұрылымға инвестициялар кірітуге қолайлы жағдайлар жасау қажеттілігіне аударды.

    Конференцияда Қосылмау қозғалысының парламенттік желісінің Бюросы мен тұрақты комиссияларын қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға Қосылмау қозғалысының парламенттік желісінің құзырындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы ұйымдастыру мәселелері қаралды және қаулылар қабылданды.

    Шара соңында оның нәтижелерін қорытындылап, Женева декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates