«Аваза» ұлттық туристік аймағында өтетін осынау іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшылары қатысады.

Конференция күн тәртібінде көлік байланысын нығайту және сауда рәсімдерін жеңілдету, экономикалық трансформация, климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаға төнетін қауіптерге төтеп беру, Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралады. Іс-шара соңында Аваза саяси декларациясы мен іс-қимылдар бағдарламасы қабылданады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Өзбекстан басшысы Түркіменстанға сапары аясында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жетінші Консультативті кездесуіне дайындыққа арналған іс-шараға қатысып, бірқатар екіжақты келіссөздер өткізеді.