Өзбекстан Президенті жұмыс сапармен Қазақстанға барады
Билік
3 Шіл 2024, 15:00
3 951
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 3 шілде күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысу үшін Астана қаласына барады.
Іс-шараларда ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және ұйымның қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ынтымақтастықтың маңызды аспектілері талқыланады.
Өзбекстан Президенті шетелдік делегациялардың басшыларымен екіжақты кездесулер де өткізеді.