Өзбекстан Президенті БАӘ делегациясынмен кездесті

    Билік 4 Aprel 2023 3463

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің 4 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкімет істері министрі Мухаммад бин Абдулла әл-Гаргави бастаған делегациясымен кездесуінде жоғары технологиялар, жасанды интеллект, цифрландыру, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру перспективалары, аймақтардың сауда және инвестициялық әлеуетті іске асыру және басқа да мәселелер қаралды.

    Мемлекет басшысы осы бағыттар алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты саммиттің күн тәртібінің негізін құрауы тиіс екенін атап өтті.

    Сонымен қатар, жүзеге асырылып жатқан реформалардың тиімділігін арттыруға, менеджмент саласында кәсіби кадрлар мен бағдарламашыларды даярлау, электронды үкіметті енгізу және басқа да салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдірді.

    Министр әл-Гаргави Мемлекет басшысына Әмірліктер Президенті Шейх Мұхаммед Әл Нахаянның және Вице-Президент, Премьер-министр, Дубай Әмірі Шейх Мұхаммед Әл Мактумның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Кездесу соңында Өзбекстан Президенті осынау бағдарламаларды жеделдету және перспективалық жобаларды дайындауды көздейтін «жол картасын» жаңарту бойынша тапсырма берді.

    Соңында министр әл-Гаргави Өзбекстан мен БАӘ арасындағы көпқырлы қарым-қатынастарды кеңейтуге қосқан зор үлесі және Жаңа Өзбекстандағы реформалар бағдарламасын жан-жақты қолдағаны үшін Өзбекстанның ең жоғары наградасы – «Достық» орденімен марапатталды.