Шейх Мансур Әл Нахаян Өзбекстан басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, халқымызға бақ-береке мен гүлдену тіледі. Ол сондай-ақ БАӘ Президенті шейх Мұхаммед Әл Нахайянның сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері талқыланды. Екі ел арасындағы сауда-саттықтың, бірлескен кәсіпорындардың өсу қарқыны және әуе рейстерінің саны артып келе жатқаны атап өтілді.
Бүгінгі таңда инвестициялық жобалар портфелі 4 миллиард доллардан асады және «жасыл» энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм инфрақұрылымы және басқа да салаларды қамтиды.
БАӘ тарапы Өзбекстан Республикасы аумағында әлеуметтік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруда техникалық көмек көрсетуде.
Сұхбат барысында жоғары деңгейдегі белсенді диалогты жалғастырудың, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың ауқымды жобаларын ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.









