Шейх Мансур Әл Нахаян Мемлекет басшысын туған күнімен шынайы құттықтап, зор денсаулық, бақыт және толағай табыстар тіледі. Сондай-ақ, БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед Әл Нахаянның ізгі тілегін жеткізді.

Сұхбат барысында, басымдық бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Өзбекстан мен БАӘ арасындағы көп қырлы қарым-қатынастар, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесулерге тығыз қарым-қатынас пен мұқият дайындықты жалғастырудың маңыздылығы айтылды.