Мемлекет басшысы БАӘ делегациясын қабылдады

    Билік 15 Aprel 2024 2183

    15 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия елдері және Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі» министрлерінің диалогы аясында Өзбекстан сапармен жүрген Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухайл әл-Мазруи бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесу басында Сухайл әл-Мазруи Мемлекет басшысына БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед Әл Нахаянның, вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірі Шейх Мұхаммед әл-Мактумның, вице-президент Шейх Мансур Әл Нахаянның және Әбу-Даби әмірлігі Тақ мұрагері ханзада Шейх Халид Әл Нахаянның құттықтау тілегін жеткізді.

    Басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Өзбекстан мен Әмірліктер арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың бүгінгі жоғары деңгейі атап өтілді. Өзара тауар айналымының көлемі тұрақты түрде артып келеді. Өзбекстанда Эмират инвестициясының қатысуымен 300-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бірлескен жобалардың портфелі 4 миллиард доллардан асады.

    «Жасыл» энергетика, металлургия, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация сияқты салалардағы перспективалық жобаларды дамыту мен ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.

    Трансауған темір жолының техникалық жобасын дайындау және құрылысты бастау мәселесіне ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ алдағы уақытта жоғары деңгейде өтетін іс-шаралар жоспары талқыланды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates