Кездесу барысында аталған жетекші компаниямен инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары және бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«BlackRock» компаниясының Өзбекстандығы өзекті жобаларға қатысу перспективалары жөнінде пікір алмасылды.

Компанияның Өзбекстандағы бірқатар кәсіпорындардың капиталына қатысу, бірлескен инвестициялық тетіктерді әзірлеу және елдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін халықаралық сараптаманы тарту жөніндегі бастамалары қолдау тапты.