Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарын қабылдады

    Билік 15 Mart 2023 3666

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 15 наурызда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюркті қабылдады.

    Адам мүдделерін ілгерілету және құқықтарын қорғау мәселелерінде Өзбекстан мен БҰҰ құрылымдары арасында конструктивті диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

    Мемлекет басшысы кейінгі жылдары БҰҰ-мен осы саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтіп, адам құқықтары мен мүдделерін қорғау Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына толығымен сәйкес келетін Өзбекстандағы реформалар стратегиясының басты басымдығы болып табылатынын айтты.

    БҰҰ Жоғарғы комиссары Өзбекстанның балалар мен мәжбүрлі еңбекті тоқтату, гендерлік теңдікті ілгерілету, сот билігінің тәуелсіздігі мен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі жетістігін жоғары бағалады.

    Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығында Адам құқықтары жөніндегі білім берудің ұлттық бағдарламасы қабылданғаны, Өзбекстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ратификацияланы, азаптаулардың алдын алу бойынша азаматтық қоғам институттарының қатысуымен превентив тетігі құрылғаны, қақтығыс аймақтарынан қыз-келіншектер мен балалар өз елдеріне қайтарылғаны, олардың қайта әлеуметтік реинтеграция үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғаны ерекше атап өтілді.

    Өзбекстан БҰҰ-ның 2021-2023 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлануы және Өзбекстанның алға қойған бастамалары негізінде Жастар құқықтары жөніндегі Кеңестің бірқатар қарарларының қабылдануы адам құқықтарын қамтамасыз етудегі жетістіктердің нәтижесі болды.

    Жоғарғы комиссар БҰҰ құрылымдарының Өзбекстандағы артқа қайтпайтын реформаларын қолдауды жалғастыруға деген нық ниетін растады. Адам құқықтарын қадағалауда азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту, құқық қорғау органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлерін оқыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

    Кездесу соңында конструктивті диалогты одан әрі нығайту және практикалық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates