Екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланған кездесуде, екіжақты сауданы ілгерілету, өнеркәсіпте кооперацияның жаңа жобаларын жүзеге асыру, транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану және мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын ілгерілету мақсатында ынтымақтастықтың институционалдық тетіктерін белсендіру маңызды екені атап өтілді.
Президенттер Ауғанстандағы қазіргі жағдайға, аймақтың күн тәртібіне және халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз диалогты жалғастыруға да ерекше назар аударды.