Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын одан әрі дамыту және насихаттау мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Кездесу алдында Билал Ердоған Өзбекстан басшысына Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Хиуа қаласында алғаш рет әлемнің 60-тан астам елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысуында өтіп жатқан халықаралық этноспорт фестиваліне қолдау көрсетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін шынайы алғыс айтылды.

Сұхбат барысында бірлескен «Жол картасы» негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тәжірибе алмасу, мамандарды, жаттықтырушылар мен төрешілерді оқыту, жастарды этноспортқа тарту бойынша ынтымақтастықты кеңейту жайы сөз болды.