Өзбекстан Президенті «Euronews» директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент инвестициялық форумы аясында «Euronews» медиа холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгасты қабылдады.

    Кездесуде аталған жетекші компаниямен ынтымақтастықты дамыту, атап айтқанда, «Euronews» кең аудиториясын Өзбекстанның бай мәдени-тарихи мұрасы, елде жүріп жатқан маңызды саяси-экономикалық үдерістер, сондай-ақ инвестициялық және туристік әлеуеті туралы хабардар ету мәселелері талқыланды.

    Мемлекет басшысы бірлескен ақпараттық жобаларды іске асыру, кәсіби мамандарды даярлау бағытындағы белсенді іс-қимылдарды, сондай-ақ «Euronews»-тің Ташкентте өз офисін ашу жоспарын оң бағалады.

    Сондай-ақ, «Euronews Academy» бағдарламасы аясында өзбекстандық журналистерді халықаралық кәсіби стандарттар негізінде оқыту жоспары қолдау тапты.

    Барлық перспективалық бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында бірлескен «жол картасын» әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.