Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-мен сындарлы диалог, белсенді алмасу, ашық әрі тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті.

Бюро сарапшылары ұлттық сайлау жүйесін жаңғыртуға, соның ішінде Өзбекстан Сайлау кодексін әзірлеуге қатысты.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы осы жылдың 30 сәуірінде өткен Конституция бойынша референдумды бақылауға да қатысқан еді.

Кездесуде жалпыхалықтық дауыс беру процесін халықаралық стандарттарға сәйкес өткізудің түрлі аспектілері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.

ДИАҚБ миссиясының басшысы Урсула Гачек Жаңа Өзбекстандағы артқа қайтпайтын демократиялық жаңару мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету үдерісін қолдады. Өзбекстанда сайлауды ашық және әділ өткізу бойынша атқарылып жатқан шаралар атап өтілді.