Мемлекет басшысы ФАО бас директорымен кездесті

    Билік 8 Iyun 2023 4239

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Италияға ресми сапарының бірінші күні БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) кеңсесінде болып, оның бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті.

    Өзбекстан мен осы маңызды мамандандырылған халықаралық институт арасындағы ынтымақтастықты, ең алдымен, аграрлық секторды жаңғырту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты басым бағыттар бойынша кеңейтудің практикалық аспектілері қарастырылды.

    Мемлекет басшысы соңғы жылдардағы тиімді ынтымақтастықтың нәтижелерін ерекше атап өтті.

    Өзбекстанда ФАО кеңсесі табысты жұмыс істеуде. Соңғы бірнеше жылда кооперация портфелі үш есеге ұлғайып, бүгінде жер мен суды пайдалану, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы, экология, мал шаруашылығы және басқа да көптеген салаларды қамтиды.

    Жаһандық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігіне қатерлердің күшеюі жағдайында тараптар әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі екені атап өтілді.

    Азық-түлік қауіпсіздігін, іргелі ғылыми зерттеулер, ауыл шаруашылығын цифрландыру, Арал өңірінің экологиялық мәселелерін шешу және басқа да салаларда нақты жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруды көздейтін 2030 жылға дейінгі жаңа ауқымды ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу белгіленді.

    Сондай-ақ ФАО демеушілігімен Самарқандта өтетін жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияға дайындық мәселелері талқыланды.

    Бас директор Цюй Дунъюй Өзбекстандағы ауыл шаруашылығы секторын жаңғыртуға бағытталған құрылымдық реформаларды қолдады.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы бас директорға осы жылдың шілде айында өтетін ФАО басшысы сайлауында сәттілік тіледі.

    Осымен бірінші күнгі іс-шаралар аяқталды. Мемлекет басшысы Милан қаласына жол алды. Ертең сапардың іскерлік бағдарламасы болады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates