Францияның осы мемлекеттік қаржы институтымен 1 миллиард еуролық стратегиялық серіктестік бағдарламасының сәтті жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.

Мемлекет басшысы агенттіктің ынтымақтастық аясында бюджеттік қолдау және жобалардың техникалық-экономикалық негіздерін дамыту туралы келісімдерге қол қою бастамасын қолдады.