Мемлекет басшысы ИЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

    Билік 18 Avgust 2022 5688

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 18 тамызда Сауд Арабиясына жасаған мемлекеттік сапарының екінші күнінде Жидда қаласында Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Хусейн Ибрахим Тохамен кездесті.

    Бүгінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы 1,7 миллиард халқы бар 57 елді біріктіретін әлемдегі ең ірі халықаралық ұйымдардың бірі.

    Өзбекстан 1996 жылы ИЫҰ-ға мүше болғаннан бері ұйыммен сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық тұрақты дамып келеді.

    Кездесуде беделді халықаралық құрылымның ислам құндылықтарын қастерлеу, заманауи қауіп-қатер жағдайында мұсылман халықтары арасындағы ынтымақтастық пен экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқаратыны айтылды.

    Хусайн Ибрахим Тоха Өзбекстанның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымында ерекше орын алатынын және Өзбекстан ілгерілетіп отырған жобалар мен бағдарламаларды толық қолдайтынын атап өтті. ИЫҰ елдерінің туризм министрлері Хиуа қаласын 2024 жылы «Ислам әлемінің туристік астанасы» деп жариялануымен құттықтады.

    Өзбекстан бұдан былай ИЫҰ-мен білім, ғылым, инновация, климаттың өзгеруі мәселелері бойынша ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетіні атап өтілді.

    Отбасы институтын нығайту, қыз-келіншектер қоғамдық өмірге және мемлекеттік басқаруға қатысуын күшейту сияқты маңызды әлеуметтік салаларда ИКҰ-ға мүше елдер арасында тәжірибе алмасу келісілді.

    Өзбекстанның ғылым мен білім саласындағы бай әлеуеті атап өтіліп, ИЫҰ ұйымға мүше дамушы елдерде жастарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру саласында біздің елмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екені айтылды.

    «Өзбекстан – ұлы ойшылдар мен ғалымдардың елі, біздің ұйым осы салаларда сіздің республикамен ынтымақтастыққа мүдделі», - деді бас хатшы.

    Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Термиздегі логистикалық орталықты дамыту арқылы бұл елге гуманитарлық көмек жеткізуге болатыны айтылды. Термиздегі ауған жастарына арналған білім беру орталығының қызметі жоғары бағаланды.

    Жаһандық, бірінші кезекте Арал өңіріндегі экологиялық проблемаларды шешу мәселелері талқыланды. ИЫҰ Бас хатшысы биылғы жылдың наурыз айында Исламабадта ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Өзбекстан әзірлеген Арал теңізі мен Орталық және Оңтүстік Азияның аймақтық интеграциясы туралы қарарларды қолдағанын атап өтті.

    «Арал теңізі мен Чад көлінің құрғауы ұқсас проблемалар және осы жаһандық экологиялық қатерлерді жою үшін халықаралық қауымдастық пен қаржы институттарының бірлескен ынтымақтастықты қажет етеді», - деді Хусейн Ибрахим Тоха.

    Олардың шешімін табу үшін халықаралық сарапшыларды тарта отырып, ғылыми-практикалық тәжірибе алмасу және күш-жігерді үйлестіруге келісілді.

    Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Бас хатшыны елімізге сапармен келуге шақырды. Хусейн Ибрахим Тоха бұл ұсынысты қуана қабылдады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates