Өзбекстан Президенті «ITMA 2023» тоқыма машиналары көрмесіне барды

    Билік 9 Iyun 2023 8267

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Италияға ресми сапарының іскерлік бағдарламасы аясында Миланда өтіп жатқан «ITMA 2023» тоқыма машиналарының халықаралық көрмесімен танысты.

    Мемлекет басшысына Ломбардия облысының губернаторы Аттилио Фонтана мен көрмені ұйымдастырушы – «Sematex» агенттігінің басшысы Эрнесто Маурэр жолсерік болды.

    «ITMA 2023» - төрт жылда бір рет өткізілетін тоқыма және тігін технологияларына арналған әлемдегі ең ірі көрме. Ең кейінгі көрме 2019 жылы Барселонада өтті. Биыл 20 гектар аумақты алып жатқан көрмеге 47 елден 1700 қатысушы және әртүрлі елдерден 100 мыңға жуық қонақ қатысуда.

    Мемлекет басшысы иіру және тоқыма өндірісінде әлемдік көшбасшы болып табылатын «ITEMA» (Италия), «Stäubli Group» (Швейцария), «Picanol», «Vandewiele» (Бельгия) және басқа да компаниялардың стендтерін аралады.

    Сапар барысында Шавкат Мирзиёев компания басшыларымен сөйлесіп, жаңа технологиялық шешімдердің презентациясымен танысты.

    Өзбекстанда тоқыма өнеркәсібін дамытудың бірлескен бағдарламаларын құру, жаңа кооперация жобаларын жүзеге асыру, тоқыма жабдықтары мен олардың қосалқы бөлшектерін локализациялау, компаниялардың өкілдіктері мен тоқыма станоктарына қызмет көрсету орталықтарын ашу, технологтарды даярлау бағдарламасын әзірлеу, ғылым мен заманауи технологиялар саласында ынтымақтастық орнату, және басқа да бастамалар талқыланды.

    Президент робототехника мен жасанды интеллект арқылы жаңа, сұранысы жоғары «супер-материалдар» жасау үшін Өзбекстанға матаны өңдеуге арналған ең заманауи жабдықтар мен инновациялық шешімдерді енгізу перспективалы екенін атап өтті.

    Жаңа технологиялар қосылған құны жоғары халық тұтынатын өнімдер өндірісін ұлғайтады, тоқыма секторының экспорттық әлеуетін арттырады, ал құрал-жабдықтарды шығару жобалары жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

    Жиын соңында жауаптыларға Өзбекстанда жабдықтарды жергілектендіру, өндіріс орындарын релокация жасау және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерделеу тапсырылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates