Сұхбат басында Мемлекет басшысы Ажай Банганы банк қызметіндегі дамушы елдердің экономикалық өсуін қолдауға қаратылған табысты реформаларымен құттықтады.

Өз кезегінде, Дүниежүзілік банк басшысы елімізде Жаңа Өзбекстанды құру бойынша іске асырылып жатқан кең ауқымды өзгерістердің нәтижесін жоғары бағалады.

Дүниежүзілік банк тобымен стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелері қаралды.

Кейінгі жылдары бұл беделді қаржы институтымен, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық реформалар аясындағы басым бағдарламалар мен жобаларды қолдау және ілгерілету ісінде жоғары деңгейге қол жеткізілгені атап өтілді.

Өзбекстан банктың Еуропа және Орталық Азиядағы ең ірі серіктестерінің бірі саналады. Бірлескен жобалар портфелі 14 миллиард доллардан асты. Ташкентте Дүниежүзілік банктің өңірлік кеңсесі ашылды. Жақында Наманған қаласында өткен «Кедейліктен өркендеуге» атты III халықаралық форум қорытындысы жоғары бағаланды.

Мемлекет басшысы қолданыстағы Серіктестік бағдарламасында негізгі назарды тұрақты өсуді қамтамасыз етуге, жобаларды жедел, сапалы және тиімді жүзеге асыруға аудару маңызды екенін атап өтті.

Кедейлікпен күрес, қыз-келіншектер мен жастар үшін жұмыс орындарын ашу, жаңа «Үлгілі махалла» моделі негізінде өңірлерді кешенді дамыту, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жеке сектор жобаларын қолдауды кеңейту, мемлекеттік активтерді жекешелендіру салаларында сараптамалық қолдау көрсету, экономиканы көміртексіздендіру және қаржы саласын трансформациялау стратегиясын жүзеге асыру негізгі басымдықтар ретінде белгіленді.

Банк Орталық Азия аймағындағы стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілетуде қатысуының маңызы ерекше екені де атап өтілді.