Жидда халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Мекке аймағы әкімінің орынбасары, ханзада Бадр бен Султан Әл Сауд және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Саммиттің басты шаралары – «Орталық Азия - Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» форматындағы мемлекет басшыларының кездесуі және екіжақты келіссөздер ертең, 19 шілдеде өтеді.