Бұл компания Аризона мемлекеттік университетімен бірлесіп құрылған, әлемнің 30 елінде жұмыс істейді және университеттердегі білім сапасын арттырумен айналысады.
«Cintana» компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Дуглас Беккер Аризона мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, Өзбекстанда Америка технологиялық университетін ашу бойынша жұмыс жүргізуде.
2024 жылдан бастап денсаулық сақтау, инженерия, сәулет және дизайн сияқты салаларда білікті кадрлар даярлауды қолға алу жоспарланған.
Мемлекет басшысы бұл жоспарларды мақұлдап, Өзбекстан білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді.









