Шавкат Мирзиёев Кувейт СІМ басшысын қабылдады

    15 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Орталық Азия елдері және Парсы шығанағы араб мемлекеттері сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кеңесіне қатысып жатқан Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Абдулла әл-Яхё бастаған делегацияны қабылдады.

    Мәртебелі мейман Өзбекстан басшысына Кувейт Әмірі шейх Мишаль әс-Сабахтың шынайы сәлемі мен тілегін жеткізді.

    Екі ел арасындағы сындарлы саяси диалогты жалғастыру, сауда-экономикалық, қаржылық-инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

    Өзара сапарларды жандандыру, мәдени және туристік алмасуға қатысты бағдарламаларды іске асыру, жетекші компаниялардың қатысуымен, оның ішінде Кувейт Араб Экономикалық Даму Қорымен тығыз ынтымақтастық шеңберінде және Кувейт инвестициялық агенттігімен тиімді серіктестікті жолға қою арқылы басым секторлардағы инвестициялық жобаларды ілгерілету маңыздылығы атап өтілді.

    Жақын арада екіжақты саяси консультациялар, бірлескен Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысын және бизнес-форумды өткізу маңызды екені айтылды.

    Сондай-ақ өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.й маслаҳатлашувлар, қўшма Ҳукуматлараро комиссиянинг биринчи йиғилиши ва бизнес форумини ўтказиш муҳим экани таъкидланди.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates