Атаулы шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.
Кездесуде сындарлы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етудің өзекті аспектілері, оның ішінде Еуропалық Одақ бағдарламалары аясында пікір алмасылды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде «Орталық Азия – Германия» форматындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше тоқталды. Практикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарына, ең алдымен, жоғары технологиялар мен инновациялық даму, көлік коммуникациялары, «жасыл» энергетика, кәсіби білім, белсенді мәдени және академиялық алмасуларға ерекше назар аударылды.
Германияның жетекші компаниялары мен банктері Өзбекстанда өз қызметін кеңейтіп жатқаны атап өтілді. Жастар арасында неміс тіліне деген қызығушылықтың артып келе жатқаны – бүгінде Өзбекстанда 300 мыңға жуық мектеп оқушылары мен студенттері оны меңгеріп жатқаны айтылды.
Сұхбат барысында Германия Федералды Президенті Өзбекстан басшысын Берлиндегі әлемге әйгілі Джеймс Саймон галереясында бірегей мәдени-тарихи көрменің сәтті өтуімен құттықтады. Бірнеше айдың ішінде көрмені 200 мың Берлин тұрғындары мен Германия астанасының қонақтары тамашалады.