Өзбекстан Президенті Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің басшысын қабылдады

    Билік 19 May 2023 5762

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қытайға мемлекеттік сапарының екінші күнгі іс-шаралары аясында Сиань қаласында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнді қабылдады.

    Өзбекстан мен осы беделді халықаралық қаржы институты арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің практикалық аспектілері қарастырылды.

    Кейінгі жылдары банкпен қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқаны – инвестициялық және әлеуметтік маңызы бар жобалардың портфелі 2 миллиард доллардан асқаны ерекше атап өтілді.

    Кездесуде кедейлікпен күрес және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, жаңартылатын энергия көздерін іске асыру, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, жеке секторды дамыту бағдарламаларын қолдау және ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Әріптестіктің жаңа бағдарламасын жылдам қабылдаудың және бірлескен ірі іс-шараларға дайындықтың маңыздылығы атап өтілді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates