Өзбекстан Президенті Басқарушылар кеңесінің ашылу салтанатына қатысады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 25 қыркүйекте Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысу үшін Самарқанд қаласына келді.

    Мемлекет басшысы жиынның жалпы сессиясында сөз сөйлеп, іс-шара аясында бірқатар кездесулер өткізеді.

    Айта кету керек, Басқарушылар кеңесінің тоғызыншы отырысы «Баршаға тұрақты инфрақұрылым жасау» тақырыбына арналған. Жиында жаһандық экономикадағы өзекті мәселелер талқыланып, Азия мен әлемнің басқа өңірлерінде инфрақұрылымды дамытудың стратегиялық бағдарламалары мен жоспарлары қарастырылады.

    Самарқандта өтетін екі күндік саммитке 100-ден астам елден жоғары деңгейдегі делегациялар, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және басқа да халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, жетекші шетелдік компаниялардың басқарушылары мен беделді сарапшылар, жалпы саны 2 мыңға жуық қатысушы бас қосады деп күтілуде.

    Өзбекстан 2016 жылдың қараша айында АИИБ-тің мүшесі болды. Соңғы жылдары ел банктің ең ірі бенефициарларының біріне айналды. Іске асырылған және ағымдағы жобалар портфелі 3 миллиард доллардан асып, «жасыл» энергетика, жол-көлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру және денсаулық сақтау, жеке секторды қолдау сияқты басым бағыттарды қамтыды.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates