Өзбекстан Президенті Әзірбайжанмен стратегиялық әріптестіктің жаңа бағыттарын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті

    Билік 15 Aprel 2024 1227

    15 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» стратегиялық диалогы бойынша министрлердің екінші отырысына қатысу үшін Өзбекстанға келген Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Жайхун Байрамовты қабылдады.

    Кездесу басында министр Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Мемлекет басшысына сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

    Өзбекстан-Әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

    Жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруға және ынтымақтастықтың 10 жаңа бағыты бойынша перспективалық жобалар портфелін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

    Тұрақты әрі тиімді диалогтардың арқасында екіжақты қарым-қатынастар сапа жағынан жаңа деңгейге көтеріліп, практикалық мазмұнмен байығаны атап өтілді.

    Өткен жылы тауар айналымы 27 пайызға өсті. Автокөлік, электротехника, энергетика, тоқыма және ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық жобалары жүзеге асырылуда. Біріккен инвестициялық қор өз жұмысын бастады.

    Сондай-ақ алдағы жоғары деңгейдегі кездесулер мен іс-шаралардың жоспарлары талқыланды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates