Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Парламентаралық одақ арасындағы жемісті ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын зор қуанышпен атап өтті.
Осы күндері Ташкентте әлем елдері парламенттері әйел басшыларының 14-ші саммиті сәтті өтуде. Оның күн тәртібінде демократиялық және әлеуметтік экономикалық реформаларды қолдаудың тиімді институттарын дамытуға, гендерлік саясатты жүзеге асыруға қатысты маңызды жаһандық және өңірлік мәселелер бар.
Сондай-ақ, осы беделді халықаралық ұйыммен бірге бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды, Бұхара қаласында Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі парламенттік форум және басқа да шаралар өтті.
Парламентаралық одақтың жоғары мәртебелі өкілдері Өзбекстан басшысына бірлескен бастамаларды ілгерілетуге жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді және Жаңа Өзбекстандағы жаңарулар мен реформалар бағдарламасын толық қолдады.
Кездесуде тұрақты даму, демократиялық құндылықтарды ілгерілету, жастарды қолдау саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, Одақтың Инновациялық орталығымен ынтымақтастық сияқты бағыттар бойынша өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды.