Мұнай-газ, мұнай-химия және жаңартылатын энергия салаларындағы жетекші компаниямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы шикізатты терең өңдеу және «жасыл» энергетика жобаларын іске асыру жөніндегі перспективалық жоспарларды қолдады.
Геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу және перспективалы көмірсутек кен орындарын игеру, көмірқышқыл газын ұстау және сақтау бойынша озық технологияларды енгізу, «Petronas» университеті негізінде жоғары білікті кадрлар даярлау негізгі міндеттер ретінде аталды.