Мемлекет басшысы Пәкістан үкіметінің басшысымен кездес өткізді

    Билік 21 Sentabr 2023 3760

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 20 қыркүйекте Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Анвар ул-Хак Какармен кездесті.

    Келіссөздер барысында Өзбекстан-Пәкістан стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарын, ең алдымен, сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-коммуникациялық салаларда одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

    Тараптар өзара сауда көлемі жыл басынан бері 75 пайызға артқанын атап өтті. Осы кезеңде жүк тасымалдау көлемі 50 пайызға артып, 20 жаңа бірлескен кәсіпорын ашылды.

    Мемлекет басшысы Преференциялық сауда келісімі аясында тауар айналымын ұлғайту үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырудың маңыздылығын айтты.

    Екі елдің өңірлері арасындағы тиімді ынтымақтастықты кеңейту және ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамыту үшін үлкен әлеует бар екені көрсетілді. Сондай-ақ тоқыма, фармацевтика, электротехника және туризм салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

    Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

    Трансауған темір жолының құрылысын ілгерілету үшін бірлесіп жұмыс істеу маңызды екені атап өтілді.