Өзбекстан Президенті Қосылмау қозғалысы саммитінде халықаралық маңызы бар бірқатар маңызды бастамаларды алға тартты

    Билік 2 Mart 2023 5534

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 2 наурызда Баку қаласында өткен Қосылмау қозғалысы диалогы тобының саммитінде сөз сөйледі.

    Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің төрағалығымен өткен шараға Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Ирак Президенті Абдуллатиф Джамал Рашид, Ливия Мемлекеті Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммад Юнус әл-Манфи, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Желька Цвиянович, сондай-ақ Куба вице-президенті Сальвадор Меса, Габон вице-президенті Роз Рапонда, Танзания вице-президенті Филипп Мпанго және Алжир Премьер-министрі Айман бен Абдуррахман қатысты.

    Халықаралық ұйымдардан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясының төрағасы Чаба Кереши, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Татьяна Валовая, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хусрав Нозирий, Түркі мемлекеттері Ұйымның Бас хатшысы Кубаничбек Омуралиев, Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары кеңесінің Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова, Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Антонио Виторино, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас хатшысы Рафаэль Гросси, Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Зураб Пололикашвили қатысты.

    Күн тәртібіне сәйкес COVID-19 коронавирус пандемиясының салдарын еңсеру, азық-түлік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және пандемиядан кейінгі жаһандық қалпына келтіру кезеңінде тұрақты дамудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

    Президент Шавкат Мирзияев өз сөзінде соңғы жылдары адамзаттың пандемиямен күресуде климаттың өзгеруінің, табиғи апаттардың және техногендік трагедиялардың зардаптарын бастан кешіруіне байланысты қауіптерді атап өтті.

    – Бұл проблемалардың ауқымы кеңейіп, кейбір елдердің ғана емес, тұтас өңірлердің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына үлкен қауіп төндіреді, – деді Шавкат Мирзияев.

    Осы орайда Өзбекстанның 2030 жылға дейінгі Сендай хадли бағдарламасының негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін Жаһандық платформаның қызметін одан әрі күшейтуді жақтайтыны атап өтілді.

    Осындай төтенше жағдайлардың себептерін терең зерттеп, апат салдарын тиімді жою үшін Мемлекет басшысы Қосылмау қозғалысының арнайы мониторингтік және ғылыми-зерттеу желісін құруды ұсынды.

    Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңде геосаяси және идеологиялық қақтығыстар күшейіп, олардың ықпалымен әлемнің түкпір-түкпірінде жаңа толқу ошақтары пайда болып жатқанын атап өтті.

    – Таяу Шығыс аймағы және Ауғанстандағы бұрыннан келе жатқан қақтығыстардың жаһандық шешімі әлі табылған жоқ, – деді Өзбекстан басшысы.

    Кейінгі кездері барлық елдерде терроризм мен экстремизмнің күшею қаупіне қарсы Қосылмау қозғалысы аясында практикалық қарым-қатынастарды нығайту өзекті мәселеге айналып отырғаны баса айтылды.

    Осыны ескере отырып, Қосылмау қозғалысы терроризмнің кез келген түріне қарсы күрестің халықаралық-құқықтық базасын нығайтуға күш салуда жетекшілік етуі керектігі атап өтілді. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы Қозғалысқа мүше барлық мемлекеттердің көпжақты ынтымақтастығын одан әрі жандандыруға қызмет етеді.

    Өзбекстан басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның мамандандырылған құрылымдары бұл мәселелерді халықаралық деңгейде тиімді шешуде және жүйелі үйлестіруде шешуші рөл атқаруы тиіс екенін атап көрсетті.

    Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау барысында Қосылмау қозғалысы мүшелерінің Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты орын алуы керектігі баса айтылды.

    Шавкат Мирзияев жаһандық күн тәртібіндегі тағы бір маңызды тақырыпқа – жалғасып жатқан экономикалық дағдарыстың асқынуларын азайтуға назар аударды.

    – Азық-түлік өнімдері, су-энергетикалық ресурстардың өсіп келе жатқан тапшылығы елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық жүйелері үшін күрделі сынақ. Өкінішке орай, мұндай қиын жағдайда ең үлкен жүк пен кері әсерді ең алдымен дамушы елдер көтеріп отыр», – деді Мемлекет басшысы.

    Өзара практикалық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен бағдарламалар мен ірі жобаларды ілгерілету үшін кең экономикалық мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында Қосылмау қозғалысының саммиттері қарсаңында Экономикалық форумдарды тұрақты түрде өткізу ұсынылды.

    Мұндай маңызды іс-шаралар инновациялар, заманауи білім және озық технологиялармен алмасуды жеделдетуге, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның, атап айтқанда, «ақылды» экономиканың дамуына берік негіз жасауға қызмет етеді.

    Өзбекстан Президенті індеттің кері әсерін бірінші кезекте жастар көріп отырғанын атап өтті. Олардың сапалы білім мен кәсіби білім алу, медициналық қызметтерді пайдалану және спортпен шұғылдану мүмкіндіктері күрт төмендеуде.

    – Ең сорақысы, жас ұрпақтың болашақта өмірден лайықты орнын табуға деген сенімі мен жігері әлсіреп барады. Сондай-ақ мыңдаған жастардың ой-өрісіне деструктивті және радикалды идеологиялардың ықпалы артып келеді, – деді Өзбекстан басшысы.

    Осыған байланысты саясат пен жоспарларды үйлестіру, жинақталған тәжірибемен бөлісу мақсатында Өзбекстанның Қосылмау қозғалысының Жастар желісі келер жылы әлемдік өркениет орталықтарының бірі ескі Самарқандта «Шексіз мүмкіндіктер саммитін» ұйымдастыруды көздеп отырғаны айтылды.

    Сөзінің соңында Мемлекет басшысы Әзірбайжан тарапын Қосылмау қозғалысына тиімді төрағалық етуімен және саммиттің сәтті өткенімен тағы да шын жүректен құттықтады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates