Өзбекстан Президенті бірлескен кәсіпорындарды іске қосып, Қытай кәсіпкерлермен кездесті

    Билік 19 May 2023 7369

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қытайға мемлекеттік сапарының екінші күнінде бірқатар іскерлік шаралар өтті.

    Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі Премьер-Министрінің орынбасары Хэ Лифэнмен бірге Сиань қаласында өтіп жатқан Өзбекстан-Қытай ынтымақтастығы көрмесін тамашалады.

    Делегациялар екі елдің өнеркәсіп, инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы, ғылым, білім және инновациялар салаларындағы ынтымақтастығына арналған стендтерді аралады. Сапар қарсаңында Өзбекстанда жүзеге асыру үшін арнайы әзірленген өзара тиімді серіктестіктің нәтижелері мен жоспарлары, қол жеткізілген жаңа келісімдер, перспективалық инвестициялық жобалар туралы толық ақпарат берілді.

    Көрме аясында Сиань қаласы мен Сырдария, Ташкент, Жызақ және Самарқанд облыстары арасындағы телекөпір арқылы жаңа бірлескен жобаларды салтанатты түрде іске қосу рәсімі өтті.

    Президент Шавкат Мирзиёев символдық түймені басып, құны 3,3 миллиард доллар болатын 15 жобаны – автомобиль мен электромобильдер, құрылыс материалдары, металл бұйымдарының кең түрі, медициналық құрал-жабдықтар шығаратын нысандарды іске қосып, жаңа кәсіпорындардың құрылысын бастады.

    Осыдай кейін Өзбекстан Президенті Қытай кәсіпкерлері, қаржы және инвестициялық топтардың жетекші өкілдерімен кездесу өткізді.

    Іс-шараға ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьері Хэ Лифэн, Қытай Коммунистік партиясы Шэньси провинциялық партия комитетінің хатшысы Чжао Идэ, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнь, Қытай халықаралық сауданы ынталандыру кеңесінің төрағасы және Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы, Қытайдың ұлттық химиялық машина жасау компаниясы, «China CAMC Engineering», «BYD Auto Industry», «Sungrow Power Supply», «China North Industries Corporation», «Xinjiang Hualing Group», «China Aerospace Science and Industry Corporation», «Huawei Technologies», Қытай даму банкі, Эксимбанк сынды 100-ден астам ірі компаниялар, корпорациялар, банктер, коммерциялық және қаржылық ұйымдардың басшылары қатысты.

    Мемлекет басшысы дөңгелек үстел форматында өткен шараға қатысушыларды жылы қарсы алып, бұл кездесудің Қытайдың экономикалық орталықтарының бірінде, көптеген ғасырлар бұрын Ұлы Жібек жолын бастаған ежелгі Сиань қаласында өтіп жатқанының символдық мәні бар екенін атап өтті.

    Өзбекстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кейінгі жылдары бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін ерекше атап өтті. Өзара тауар айналымы екі есеге артып, 9 миллиард долларға жеткені айтылды. Қытайдың Өзбекстанға салған инвестициясының көлемі алғаш рет 11 миллиард долларға жақындады.

    Бүгінде республикада қытайлық инвестицияның қатысуымен 1700-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Энергетика, мұнай-газ, химия, тау-кен өнеркәсібі, тоқыма және басқа да салаларда бірқатар ірі бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.

    Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кешегі келіссөздер нәтижелі болғаны, оның барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетті пайдалану, Өзбекстан нарығында Қытай компаниялары үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Өзбекстан Президентінің сапары аясында бірлескен іскерлік шаралар сәтті өткені атап өтілді.

    Атап айтқанда, энергетика, химия, металлургия, геология, автомобиль өнеркәсібі, электротехника, құрылыс және басқа да салаларда жалпы құны 25 миллиард доллардан асатын жаңа жоғары технологиялық индустрия, сауда және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

    «Мұның барлығы Өзбекстан-Қытай ынтымақтастығының айқын жетістіктерінің және тараптардың өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге зор мүдделілігінің белгісі», - деді Мемлекет басшысы.

    Мемлекет басшысы кездесуге қатысушылардың назарын Өзбекстандағы инвестициялық ортаның түбегейлі жақсарғанына, инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасалғанына аударды.

    Өзбекстанда жоғары қосылған құны бар өнімдерді шығаратын өндіріс орындарын құруға және кейін үшінші елдерге экспорттауға кең мүмкіндіктер бар екені көрсетілді. Осы орайда, әсіресе, «жасыл энергетика», химия, автомобиль өнеркәсібі, электротехника, металлургия, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, денсаулық сақтау және басқа да салалардың болашағы зор екені сөз болды.

    Мемлекет басшысы Қытай бизнесін қажетті өндірістік инфрақұрылыммен және тұрақты нарықпен қамтамасыз етуге, оны жан-жақты қолдауға, жобаларды бірлесіп қаржыландыруға дайын екенін айтып, қытайлық бизнесмендерді осы бірегей мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

    Пікір алмасу барысында Қытай корпорациялары, компаниялары мен банктерінің басшылары Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендігін жеткізді. Басым бағыттар бойынша, әсіресе жоғары технологиялық және инновациялық өндірістерді ұйымдастыруда практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

    Мемлекет басшысы Өзбекстанның министрліктері мен ведомстволарының басшыларына жиында алға қойылған бастамаларды жеке бақылауға алып, оларды жүзеге асырудың кезең-кезеңімен тетіктері және нақты мерзімдері көрсетілген тиісті «жол картасын» қабылдауды тапсырды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates