Өзбекстан Президенті Қазақстан СІМ басшысын қабылдады

    Билік 17 Avgust 2023 4471

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 17 тамызда Өзбекстанжа ресми сапармен жүрген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады.

    Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту, жаңа практикалық мазмұнмен байыту мәселелері талқыланды.

    Сұхбат басында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

    Өзбекстан басшысы кейінгі жылдары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін, оның ішінде парламент, үкімет, аймақтық әкімшіліктер, қоғам мен кәсіпкерлер деңгейінде нәтижелі диалогтар жүргізілгенін атап өтті.

    Бірлескен Үкіметаралық комиссия мен Жұмыс тобы тиімді жұмыс істеуде. Сауда көлемі артып, екі елдің жетекші кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді. Мәдени-гуманитарлық шаралар тұрақты түрде өткізіліп жатыр.

    Кездесуде саяси диалогтарды одан әрі жандандыру, экономиканың стратегиялық салаларындағы жобаларды жеделдету, гуманитарлық алмасу бағдарламаларын кеңейту, Орталық Азия аймағында тату көршілік пен әріптестікті нығайту шараларына ерекше назар аударылды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates